Елбасы: Қазақстанда саяси қуғынға ұшырағандар жоқ!

Елбасы: Қазақстанда саяси қуғынға ұшырағандар жоқ!

Елбасы: Қазақстанда саяси қуғынға ұшырағандар жоқ!
ашық дереккөзі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда "саяси қуғын-сүргін жоқ" деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақмола облысының Ақмол ауылында саяси репрессия құрбандарының ескерткішіне гүл қою рәсімі кезінде сөйлеген сөзінде айтты. 
Саяси қуғын-сүргін жылдарында репрессияға ұшырағандарға арналған лагерлер құрылғанын еске алған Нұрсұлтан Назарбаев: - Бүгін тіпті мұны елестетіп көрудің өзі қиын, себебі біз мүлдем басқа мемлекет құрдық. Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері қорғалған, саяси қуғынға ұшырағандар, бұл тұрғыдағы тұтқындар жоқ, - деді. Тарихшылардың мәліметінше, Қазақстанда сталиндік репрессия жылдарында кем дегенде 22 мың адам атылды. Кейбір есеп бойынша, Қазақстандағы лагерлерге бес миллионға тарта совет азаматтары жер аударылған. Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, Ақмолдағы гүл қою шарасына репрессия құрбандарының туыстары да қатысты. - Солтүстік Африкада мемлекет жойылып, халықтың 10-20 жылға артта қалғанын, кедейлік, терроризм, кісі өлтіру мен қарақшылық жайлағанын білеміз. Біз эволюциялық жолмен дамуымыз керек, сонда ғана алға жылжимыз, - деді Назарбаев. Құқық қорғаушылар Қазақстанды 1989 жылдан бері басқарып келе жатқан Назарбаевты өзгеше ойлайтындарды, негізгі еркіндіктерді басып-жаныштайды деп айыптап, елде саяси тұтқындар барын айтады. Билік елде саяси тұтқындар барын жоққа шығарады.