Өткен жылы 175 қырғызстандық құлдықтан босатылды

Өткен жылы 175 қырғызстандық құлдықтан босатылды

Өткен жылы 175 қырғызстандық құлдықтан босатылды
ашық дереккөзі
Өткен жылы шетелде құлдықта болған 175 қырғызстандық босатылған. Бұл жөнінде Қырғызстанның Мемлекеттік миграция қызметінің басшы орынбасары Алмаз Асанбаев мәлімдеді, деп жазады centralasian.org. 
Оның сөздерінше, құлдықтағы Қырғызстан азаматтары туыстарының ақпараты бойынша іздестіріліп, Ресей, Түркия, Қазақстан және Біріккен араб королдігінен елге жеткізілген. Алмаз Асанбаев адам саудасы құрбандарының ішінде ер адамдар көбінде қара жұмысқа жегілетінін, ал әйелдер сексуалды құлдықтың құрбаны болатынын айтады. 175 азаматтың тек 10-ы ғана құқық қорғау органдарына өтініш берген. Ал арыз жазудан бас тартқандардың дені сексуалды құлдықта болған.