Балғындар турниріне демеуші керек!

Балғындар турниріне демеуші керек!

Балғындар турниріне демеуші керек!
ашық дереккөзі
308

         Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жолдауында салауатты өмір салтының маңызына тоқтала отырып, қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту керектігін айтқан болатын. Осыған орай, 2017 жылдың 3-4 маусымында «Favourite.kz» каратэ-до киокушинкай Федерациясы Балалар қорғау күніне орай республикалық турнир өткізеді. Турнирге Қазақстанның барлық аудандары мен қалаларынан спортшылар қатысады. Спорттық шараның мақсаты – патриоттық тәрбие мәселелеріне қоғам назарын аудару, балалар мен жасөспірімдерді бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге баулу.

         «Favourite.kz» каратэ-до киокушинкай Федерациясы табысты және нәтижелі ынтымақтастыққа жол аша отырып, Сізді аталмыш шараның ұйымдастырушыларының бірі болуға шақырады.

         Сіздің демеушілік қолдауыңыздың арқасында бұл турнир бұқаралық спорттың дамуына ықпал етіп қана қоймай, сіздің компанияңыздың беделіне де оң ықпалын тигізбек.

         Ынтымақтастық туралы ақпаратты 870709 82 09 байланыс телефонына хабарласу арқылы алуға болады.

Құрметпен, Федерация директоры

А.Кенджибаев

Серіктес жаңалықтары