493
Мәскеудегі қатты дауыл 11 адамның өмірін қиды
Мәскеудегі қатты дауыл 11 адамның өмірін қиды
Мәскеуде қатты дауыл салдарынан 11 адам қаза тауып, жүздеген талдар құлады, әуежайлардағы рейстер кейінге шегерілді. Бұл туралы денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлады.
"Мәскеуде тұрған дауылды жел салдарынан 50-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді, олардың арасында балалар да бар", – деп ақпараттандырды департаментте. Зардап шеккендерді он мәскеулік ауруханаға жеткізді. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Дауыл 600-ге жуық талды құлатты.
Мәскеудің жедел қызметіндегі дереккөздің хабарлауынша, құлаған тал екі адамды ажал құштырды, ал желмен жұлып әкетілген қаңылтыр табағы бір адамды басып өлтірді. Бұдан бөлек құрылыс алаңында мұнаралы кран құлады, 200-ден астам тал сынып, олардың бірі шағын автобустың үстіне түсті. Мәскеудің басқа бөлігінде қоршау жанында тұрған көлікке құлады. Сондай-ақ құлаған талдардың кесірінен Внуково әуежайына қатынайтын экспресстердің қозғалысы шектелді.