Ірі көлемде кредит алуға көмектескені үшін пара алған

Ірі көлемде кредит алуға көмектескені үшін пара алған

Ірі көлемде кредит алуға көмектескені үшін пара алған
ашық дереккөзі
Атырау облысында ірі көлемде кредит алуға көмектескені үшін заңсыз сыйақы алған Халық банкінің қызметкері қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі «Қазақстан Халық банкі» АҚ Атырау филиалы Индер аудандық басқармасының бастығы Мұхтарова Р.Ш.  5  млн. теңгеден жоғары  несие беру мәселесін оңтайлы шешкені үшін жүйелі түрде 260  000 теңге заңсыз сыйақы алып келгенін анықтады», делінген ведомство хабарламасында. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық дерегі ҚР ҚК-ның «Параға коммерциялық сатып алу» 253-бабының 5-тармағы 2-бөлімімен СДТБТ-ға тіркелді. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық Кодекстің  аталған  бабының  санкциясы   бойынша   мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы  көзделген.  Өзге   ақпарат  тергеу  мүддесі  үшін  жарияланбайды.