Бауыржан Мусиннің қамау мерзімі ұзартылды

Бауыржан Мусиннің қамау мерзімі ұзартылды

Бауыржан Мусиннің қамау мерзімі ұзартылды
ашық дереккөзі
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасары Бауыржан Мусиннің қамау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бауыржан Мусиннің адвокаты Нұрлан Бейсекеев қорғалушысының қамау мерзімі 30 маусымға дейін ұзартылғанын айтты. Сондай-ақ, күдіктінің адвокаты Астана қаласының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сотына шағым түсіргенін айтты. "Астана қаласының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасына Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Исаеваның Бауыржан Мусинді қамауда ұстау мерзімін созу жөніндегі шешіміне шағымданамын. Себебі бұл соттауға болмайтын жағдай. Қорғалушы тарап бұл істі Есіл аудандық сотының судьясы Мұханғалиеваға жолдауға өтініш білдіреді", - деді Бауыржан Мусиннің адвокаты Нұрлан Бейсекеев. Еске сала кетейік, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасары Бауыржан Мусин биыл 31 наурызда ұсталған еді. Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, Б.Мусин кәсіпкерден параның кезекті 400 мың теңге сомасындағы бөлігін алу үстінде ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Параның жалпы сомасы - 1,4 миллион теңге.