Алматылық полицейлер сырқат балалар үшін 100 литр қан тапсырды

Алматыда бір күнде сырқат балаларға арналып 100 литрдей қан жиналды, деп хабарлайды almaty.tv. 

Балаларды қорғау күні қарсаңында 70-ке жуық полиция қызметкері қан тапсырды. Қайырымдылық шара  жазғы демалыс уақытында бұлдіршіндердің қауіпсіздігін алдын-алу мақсатында ұйымдастырылыпты. Ал жиналған қан арнайы қорда сақталады. Егер қан керек болған жағдайда жарақат алушыға тегін беріледі. Қалада көбіне теріс резусты қан тобы жетіспейтін көрінеді.

«Біздің қала үлкен болған соң жарақаттар болады, онкологиялық балалар аурулары оларға күнделікті қан керек. Ең керектісі резус-теріс қан. Сондай балалар, гемотологический сондай балалар бар. Соларға нақты керек»,- деді Қан орталығының директоры, Жандос НАДИРОВ.

Back to top button