Жанқош Тұраров та жеңіс сыйлады

Жанқош Тұраров та жеңіс сыйлады

Жанқош Тұраров та жеңіс сыйлады
ашық дереккөзі
961
26 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қарсыласын нокаутқа түсіріп, кәсіпқой бокстағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.  Оның қарсыласы - 36 жастағы мексикалық Густаво Гарибай. АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен жекпе-жектің үшінші раундында Тұраров қарсыласын нокдаунға түсірген. Кейін үдете соққан соққысынан раунд аяқталар тұста рефери жекпе-жекті тоқтатты.  "Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Жеңіс біздікі! Алла қолдап, Оразаның алғашқы күнінде қарсыласымды жендiм. Үшінші раунд, шешуші сəт, нокаут. Ендігі арманым өз салмағымдағы чемпиондармен жұдырықтасу. Алға Қазақстан!!!", - деп пікір білдірді жекпе-жектен кейін Тұраров. Айта кетейік, боксшылар салмақ өлшеу рәсімінде жартылай орта салмақ лимиті саналатын 147 фунтқа (66,6 келі) сәйкес бола алмаған еді, сондықтан жекпе-жек аралық салмақта өтті - бірінші орта және жартылай орта салмақ аралығында (151 фунт) өтті. Осылайша қазақстандық боксшы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 15-і уақытынан бұрын аяқталды. Гарибай өз кезегінде мансап жолында 9-шы рет жеңіліс тауып отыр. Оның активінде 13 жеңіс және 2 тең жекпе-жек бар. Айта кетейік, осы кеште Қанат Ислам (23-0, 19КО) мен Норберто Гонсалестің (23-8, 13КО) жекпе-жегі өтеді.

Серіктес жаңалықтары