А.Есімов: ЭКСПО-ның ашылу салтанатына дейін бәрін үлгереміз

А.Есімов: ЭКСПО-ның ашылу салтанатына дейін бәрін үлгереміз

А.Есімов: ЭКСПО-ның ашылу салтанатына дейін бәрін үлгереміз
ашық дереккөзі
268
Астанада бой көтерген EXPO павильондары көрме аяқталғаннан соң қаңырап бос қалмайды.Оларды шарадан кейін пайдалану бойынша қазірдің өзінде 20-дан астам ұсыныс түсті. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz. Компания басшысының айтуынша, әлемге белгілі Job World білім беру орталықтары ашылуы мүмкін. Ол үшін қазір кореялық тәжірибе зерттеліп жатыр. Сондай-ақ көрме аумағында БҰҰ-ның «жасыл» экономика және халықаралық қаржы орталықтары пайда болады. Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:  Миландағы көрмеден кейін павильондардың бәрі бұзылып, алынып тасталды. Бізде ондай болмайды. Мәселен, шар тәрізді «Нұр әлем» павильоны болашақ мұражайына айналады. Онда ғарыш, күн, су, жел, кинетика энергиясы секілді тақырыптарды ашатын түрлі жобалар көптің назарына ұсынылады. Бүгінде павильондарды пайдалану бойынша ұсыныстар көп түсіп жатыр. Олардың бәрі қызықты. Бұл мәселеге қатысты нақты шешімді жуық арада қабылдаймыз деп ойлаймын.   Ахметжан Есімов көрмеге дайындық жұмыстары дер кезінде аяқталып, ашылу салтанатына дейін бәрі сақадай-сай болатынына сендірді:  – Біз қатысушыларға павильондарды қарашаның бірінде бердік. Бірақ бірқатар мемлекет құрылыс жұмыстарын кеш бастады. Дегенмен көптеген ел кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Сондықтан ашылу салтанатына дейін бәрін үлгеруіміз керек. Естеріңізде болса, Миландағы көрмеде халықаралық қатысушылар өз павильондарын уақытында аяқтап үлгерген жоқ. Біз мұндайға жол бермейміз.  

Серіктес жаңалықтары