Сырттай сотталып жатқан Әблязовқа қандай жаза берілуі мүмкін?

Сырттай сотталып жатқан Әблязовқа қандай жаза берілуі мүмкін?

Сырттай сотталып жатқан Әблязовқа қандай жаза берілуі мүмкін?
ашық дереккөзі
384
Прокурор БТА Банкі ісі бойынша сырттай сотталып жатқан оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты дүние-мүлкін тәркілеумен бірге 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Мұхтар Әблязовқа бұл іс бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қызметін пайдаланып БТА Банкі қаржысын жымқырды деген айыптар тағылған. Шетелде тұрып жатқан Әблязовтың өзі бұл істің саяси астары бар деп есептейді. Ол Қазақстан билігі өзі иелік еткен елдегі ең ірі коммерациялық БТА Банкті тартып алды дейді. Tengrinews сайтының ақпаратына қарағанда, прокурор соттан Әблязовты «өте қауіпсіз» зонада жазасын өтеуді, сонымен бірге 300 АЕК (680 мың теңгеден сәл асады) көлемінде айыппұл салуды сұрайды. Бұған қосымша банк саласында кемінде үш жыл жұмыс істеуге тыйым салынсын дейді. БТА Банк өкілі Еркін Баймағамбетов бейсенбі күні сот залында прокурордың ұстанымын қолдайтынын білдірді. Сот үзіліс жариялады.

Серіктес жаңалықтары