2610
Жетісай қаласындағы мектепке Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді
Жетісай қаласындағы мектепке Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді
Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласындағы №122 жалпы орта мектебіне Дінмұхаммед Қонаевтың есімі берілді, деп хабарлайды қазАқпарат.
«Соңғы қоңырау» мерекесіне қатысқан аудан әкімі Ғалымжан Исмаилов мектептің директорына «№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Дінмұхамед Қонаев атындағы №122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін» деген қаулыны тапсырды.
Бүгінде Мақтарал ауданы бойынша 125 білім беру мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде 122 жалпы орта, 3 негізгі орта білім беру мектебі бар. Бұдан өзге «Дарын» мектеп-интернаты ашылған.