186
Министр Димаш Құдайбергеннің гонорары жайлы айтты
Министр Димаш Құдайбергеннің гонорары жайлы айтты
ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеннің алдағы концертінде алатын гонорарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өздеріңіз білетіндей, 27 маусымда "Астана Аренада" Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді. Димаш Құдайберген бірге ән айтатын жұлдыздармен белгілі бір келісімшартымыз бар. (...) Жас музыканттың деңгейінде өте жақсы гонорар болады, орта деңгейдегі музыкантқа бұл гонорар орта деңгейлі болады", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ брифингінде.
Алайда ол әртістің гонорары нақты қанша болатынын айтудан бас тартты. "Бұл өте қолайсыз, бұл оның өз шаруасы, орынсыз болады. Бұл гонорар үшін өтетін концерт емес, орындаушымыздың тұңғыш ірі шарасы болмақ. Жалпы мен заң тәртібінде жеке келісімшарттың ережелерін сақтауды ұстанатын адаммын, заңды бұзуға құқым жоқ", - деп мәлімдеді министр. Сонымен қатар, ол Астанада өтетін концерт билеттерінің 50 пайызы сатылып кеткенін хабарлады.