545
2017 жылғы Ораза айының кестесі
2017 жылғы Ораза айының кестесі
2017 жылдың 27 мамыры - қасиетті Рамазан айының бірінші күні. Жамағат назарына Қазақстандағы оразаның кестесін ұсынамыз. ЕСКЕРТУ: Биыл, яғни 2017 жылы мұсылмандық күнтізбе бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн.
1. Қасиетті "Қадір түні" маусымның 21-інен 22-іне қараған түні.
2. Сәресiн iшу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.
3. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен ашуға болады.
4. Тарауық намазы Құптан намазынан кейiн оқылады, ал Үтiр-Уәжiп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.
5. Пiтiр-садақаны рамазан айының басынан айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша әр адамға 300 теңге.
6. 25 маусым (жексенбі) күнi Ораза айт мейрамы басталады.
7. Оразаға ниет: Алла тағаланың разылығы үшін таңнан күн батқанға дейін мүбарак рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.
8. Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихаты өтіп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы БАҚ өкілдеріне Рамазан айына дайындық барысы мен ораза туралы түсінік берді. «Биылғы ораза күннің ең ұзарған сәтіне сәйкес келіп отыр. Таңның атуы мен күннің батуы 18-19 сағатқа дейін созылады. Алайда күннің ұзақтығы мен күннің аптап ыстығы отандастарымыздың ораза ұстауына кедергі келтірмейді деп сенеміз. Өйткені, Рамазан – жылына бір рет келетін, сауаптар еселеніп жазылатын берекелі, қасиетті ай. Мұсылман баласы мұндай мүмкіндіктер айын жіберіп алмауға тырысады», - деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Сіздердің назарларыңызға Астана және Алматы қаласы бойынша Ораза ұстау кестесін ұсынамыз.