316
Ақышев Ұлттық қордағы қаржы көлемін жария етті
Ақышев Ұлттық қордағы қаржы көлемін жария етті
ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев еліміздің қаржы нарығындағы жағдай туралы баяндап берді.
«Инфляция 2017 жылдың сәуірінде 05 % болды, жыл басынан бергі көрсеткіш 2,7 %. Жылдық көрсеткіште 7,5-ке дейін азайып, 6-8 % дәлізде сақталды. ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық резерві 311 млн долларға артты», - деді бас банкир.
Сонымен қатар, бас банкир Ұлттық қордағы қаржы көлемі 63 млрд доллар болғанын айтты. Базалық ставка 11 % деңгейінде сақталған.
«Ұлттық банк соңғы уақытта ешқандай интервенция жүргізген жоқ. Теңге бағамы сұранысқа байланысты қалыптасып жатыр. Қазір теңгедегі депозиттер көлемі доллардағы депозиттен асты. Теңгемен несие алу 0,9 пайызға артты. Біз еркін валюта бағамына көшкеніміздің тиімділігін тағы байқап отырмыз», - деді Ұлттық банк төрағасы.