Қазақстан президентінің қандай функциялары қысқарады?

Қазақстан президентінің қандай функциялары қысқарады?

Қазақстан президентінің қандай функциялары қысқарады?
ашық дереккөзі
982
Бүгін мәжілісмендер "Қазақстан Республикалық кейбір конституциялық заңдарына өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады.   Конституциялық заң жобасы Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген. Ол жеке конституциялық заңдарды Конституциядағы түзетулерге сәйкес келтіруге бағытталған. Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, өзгерістер сегіз конституциялық заңға енгізілмек. Бірінші, "Президент туралы" заңдағы түзетулерге сәйкес, Президент Мәжіліспен кеңескеннен кейін Премьер-министрдің ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды. Сонымен қатар, Парламент депутаттары Конституцияда бекітілген тәртіппен Үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы өтініш жасаған жағдайда, Президент оны қызметінен босатады. "Президент туралы" конституциялық заңнан Президенттің келесі заң шығару функциялары алып тасталады: заңдық күші бар жарлықтарды шығару, заң жобасын шұғыл деп жариялау, Үкiметке заң жобасын Мәжiлiске енгiзудi тапсыру және Үкімет актілерінің күшін жою", — деді Бекетаев Мәжілістің жалпы отырысында. Екінші, "Тұңғыш Президент — Елбасы туралы" Конституциялық заңында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің "Елбасы" ретіндегі атауы мен мәртебесіне қатысты түзетулер енгізіледі. Бұдан бөлек, "Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заң жаңа баппен толықтырылады. Ол Үкімет мүшелерінің кандидатураларын Мәжіліспен келісу тәртібін анықтайды. Кандидатураларды Премьер-министр немесе ол өкілеттік берген лауазымды тұлға ұсынады. Әрбір талқыланатын кандидатура жөнінде Мәжілістің тиісті комитеті қорытынды шығаратын болады. "Төртінші, "Үкімет туралы" конституциялық заңында, конституциялық түзетулерге сәйкес, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды жою бойынша өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар, Үкіметтің Президент пен Парламент арасындағы қарым-қатынасын реттейтін нормалар бекітіледі. Үкімет Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі аяқталғанша қызмет етеді және жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында өкілеттігін тоқтатады", — деді ол. Сонымен қатар, "Сайлау туралы" конституциялық заңында сайлаушылар мен сайлау үдерісіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түзетулер көзделген. Президенттікке кандидатқа қойылатын қосымша талаптар енгізіледі. Үміткердің мемлекеттік қызметте немесе сайланатын мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл тәжірибесі болуы керек. Бұдан бөлек, ол міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығын растауға тиіс. "Алтыншы, "Конституциялық Кеңес туралы" конституциялық заңға қарастырылған өзгеріске сәйкес, Президенттің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өтінішті Конституциялық Кеңеске жолдау құқығы көзделген. Өз кезегінде Конституциялық Кеңеске жүгінудің және Кеңестің шешім қабылдауының салдары анықталады. Жетінші, "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға Жоғарғы Соттың сот практикасын түсіндіру функциясын жүзеге асыруды нақтылауға бағытталған түзетулер енгізіледі", — деді министр. Тағы бір маңызды жайт, судьялыққа кандидаттарға конкурстық талаптар белгіленеді. Оларды күшейту мақсатында аудандық сот судьясы кандидаттарының жасы қайта қаралмақшы. Бұған қоса, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңға өзгертулер енгізілмек.    

Серіктес жаңалықтары