Бес айдан бері жалақы алмаған петропавлдық жол төсеушілер айлықтарын талап етті

Бес айдан бері жалақы алмаған петропавлдық жол төсеушілер айлықтарын талап етті

Бес айдан бері жалақы алмаған петропавлдық жол төсеушілер айлықтарын талап етті
ашық дереккөзі
Петропавлда "К-Дорстрой" компаниясының жиырмаға жуық жұмысшысы өткен жылдың желтоқсан айынан бері жалақы алмаған. Жұмыс берушінің орындалмайтын уәделерінен шаршаған жұмысшылар құзырлы органдарға арызданды. Бұл туралы centralasian.org хабарлады. 
Компания жұмысшысы Константин Степановтың айтуынша, жұмыс беруші оған 260 мың теңге төлеуі тиіс. Мекеме басшылығы айлықты сәуірде төлеуге уәде берген, бірақ жалақы әлі төленбеген. Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма басшысы Қайрат Пішенбаев жиырмаға жуық жұмысшының мекемеге шағымданғанын растады. Компания Астанада тіркелген, сол себепті бұл мәселемен астаналық еңбек инспекциясы айналысады, деді ол. Облыс прокуратурасының хабарлауынша, жұмысшылар шағымы бойынша тексеру жүріп жатыр. "К-Дорстрой" компаниясы басшылығына айлық қарызын 25 мамырға дейін жабу тапсырылған. Жұмысшылар компанияның қаржы жағдайы мәз емес деп отыр. "К-Дорстрой" компаниясы жол төсеумен айналысады. Ол Петропавл – Бескөл жолының құрылысы мен петропавлдық әуежайдың ұшу-қону айналығын жөндеуге қатысқан.