220
Қытай қосымша уақыт сұрап отыр
Қытай қосымша уақыт сұрап отыр
Қазір Солтүстік Корея мен АҚШ-тың арасы ушығып тұр. Өткен аптаның соңында Ақ үй корей жартытүбегіне қарай оқ-дәрісі мен қару жараққа толы тағы бір алып кемесін жіберді.
Соңғы екі айдан бері Солтүстік Корея жапон теңізіне қарай бірнеше рет баллистикалық ракетаны сынап, көршілерінің бәрін қорқытып жатыр. Жапония аумағы мен Ресей территориясынан 500 шақырымға келіп түсіп жатқан Ким Чен Ын елінің ракеталық оқтұмсықтары ең алдымен Жапонияны шошытып отыр. АҚШ-та одан қауіптеніп, ең алдымен Оңтүстік Кореяға өзінің ядролық ракетасын орналастыруға ыңғай танытып жатыр. Бұған наразылық ретінде Ким Чен Ын қайта-қайта ракеталық сынақ жасап, елді үркітіп отыр. Жексенбі күні ресми Пхеньян тағы бір ракета ұшырды.
«Пуккыксон-2» оқтұмсығын өндірістен шығарып, әскерді қаруландыруымыз қажет-, -деп бұйрық берді ол қарамағындағыларға. Бірақ алда қандай оқыс оқиға орын алады, саяси жағдай одан ары шиеленісе түсе ме? Ол жағын дөп басып айту қиын. Дегенмен, халықаралық жағдайды реттемесе, болмайды. АҚШ жауап ретінде Солтүстік Кореяға шабуыл жасайды деп айту қиын. Ғаламдық бейбітсүйгіш қауымдастық бұл әрекетті құптамайды. Жексенбі күні күнгі ракеталық ұшырылымға қатысты БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі тағы кезектен тыс жиын өткізетін болды. Ары кетсе, тағы да Солтүстік Кореяға санкция салынар. Бірақ одан ығып отырған Ким Чен Ын жоқ. Ол қару-жарақ өндіруден қайтпайтынын мәлімдеді. Енді қайтпек керек? Мұны АҚШ жағы да түсініп отырған сияқты. Ядролық соққы бола қоймас. Ақ үй үшін жағдайды реттеудің бір-ақ жолы табылып тұрған сияқты. Вашингтондағы кездесуде Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жағдайды реттеуге қатысты қолқа салған. Өйткені қазіргі таңда Солтүстік Корея елге қажетті тауардың 90 пайызын Қытайдан алып отыр. Егер ресми Пекин Солтүстік Кореяны сауда жағынан қыспаққа алса, Пхеньян ойлануы мүмкін. Онсыз да кедейшілікте отырған ел абдырап қалуы ықтимал.