Екі фильм де – жүлдегер

Екі фильм де – жүлдегер

Екі фильм де – жүлдегер
ашық дереккөзі
426
Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Миры Мориса Симашко» деректі фильмі Польша Халықаралық фестивалінде «Ең үздік деректі фильм» жүлдесіне ие болды. Қазақстандық режиссер Александр Головинский түсірген деректі фильм Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Президенті бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының лауреаты (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын орыс тіліне аударғаны үшін) Морис Симашконың өмірі мен шығармашылығына арналған. Осыған дейін аталмыш фильм Мәскеуде өткен 19- DetectiveFest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге,  сондай-ақ «Вместе» XVII Халықаралық телекинофорумда «Литературная газета» басылымының атынан «Орталық Азиядағы жаңа тарихи роман мектебінің негізін салушылардың бірі және майдангер өмірінің беймәлім парақтарын ашқаны және шеберлігі үшін» арнайы жүлдемен марапатталған. Әлемнің тәуелсіз кинематографистерін қолдауға бағытталған Польшаның Халықаралық кинофестивалі  онлайн түрде өтеді. Фестиваль шеңберінде көркем, деректі, анимациялық және қысқаметражды фильмдер де бақ сынайды. Сонымен қатар,  Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  түсірген «Сенім жолында» атты деректі фильм Ресейдің Севастополь қаласында өткен XIII Халықаралық  «Победили вместе» атты деректі фильмдер және телебағдарламалар фестивалінде Джемма Фирсова атындағы «Үздік әлеуметтік-философиялық телевизиялық жұмыс» жүлдесіне қол жеткізді. Режиссер Әсия Байғожина түсірген «Сенім жолында» фильмі қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі – дін жолындағы адасушылық туралы баяндайды. «Победили вместе» фестивалінің бағдарламасына қатысуға 24 мемлекеттен (Ресей, Австрия, Армения, Беларусь, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Грузия, Германия,  Ирландия, Қазақстан, Қытай,  Польша, Украина, Чехия, Франция, Эстония және т.б.) бар жоғы 250 фильм үміт білдірген екен. Іріктеу комиссиясы 16 елден 65 фильмді таңдап алған екен.

Серіктес жаңалықтары