Алматы облысында Түйе тауы опырылып, демалыс үйіне зақым келтірді

Алматы облысында Түйе тауы опырылып, демалыс үйіне зақым келтірді

Алматы облысында Түйе тауы опырылып, демалыс үйіне зақым келтірді
ашық дереккөзі
447
Алматы облысының Талғар ауданында Түйе тауы опырылып, топырақ жолды басып қалған. Электр желісі мен телефон байланысына зақым келтіріпті. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім болмаған, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.  Оқыс оқиға мамырдың 18-нен 19-на  қараған түні орын алған. Алматы облысының Талғар ауданында Түйе тауы опырылып, Талғар бөгетінен 500 метр төмен орналасқан лай көшкіні «Спутник» демалыс үйін басып қалады. Салдарынан, электр желісі мен телефон байланысының екі бағанасы құлаған. Абырой болғанда, қаза тауып, зардап шеккендер жоқ. Үгітілген топырақтың жалпы көлемі 50 мың текше метрді құрапты. «Қазіргі кезде біздің тарапымыздан есік алдындағы топырақтарды шығару жұмыстары көмектерін көрсетіп жатырмыз. Алғашқы уақытта, келешекте көрініп тұрған көшеге, жоғары жағындағы көшелерге арық салу жұмыстарының топосьемкасын бастадық»,- деді «Бесағаш» ауылдық округінің әкімі, Мұхит ӘЛІБЕКОВ. Лай астында «Бурабай» ауылы да қалған. Бұл жер кезінде жеке шаруа қожалығына тиесілі болған көрінеді. Қожайындар сол кезде жерді бөліп, уческелерді азаматтарға бөліп берген. Тұрғындармен шартқа отырып, жол мен жарық, су мәселесін шешіп береміз деп уәде еткен көрінеді. Алайда, уәде құрғақ сөз күйінде қалғанға ұқсайды. Ал қауіпті аймаққа 10 үй іліккен. «Қазіргі дәл осы Бурабай ауылы біздің шекарамызға кірмейді, генпланда жоқ. Сондықтан мемлекеттен бұл жерге дер кезінде біз ешқандай көмек көрсете алмадық. Өйткені бұл шекараның сыртында болғандықтан. Қазіргі жұмыстарды ұйымдастырып жатырмыз. Жауапты азаматтарға қалай өтуі бойынша жұмыстарды қадағалауға аламыз. «Қазір техникалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Саз балшықтарды алып, қайта орын алмас үшін бәрін жасауға тырысамыз. Бері қарай су келмеу үшін арықтар орнатамыз. Әзірге қолымыздан келері осы»,- деді Қызмет көрсетуші компания инженері, Хамит ДУРСУНОВ. Қазір Талғар ауданының өндірістік эксплуатациялық бөлімі қауіпті учаскені бақылауға алып, көшкіннің қайталанбауын қадағалауда. Қауіп сейілген соң жолды тазалау жұмыстары жүргізіледі.  

Серіктес жаңалықтары