Алматыда 22 адамды жаралаған "Гелендваген" жүргізушісі прокуратурадағы қызметінен кетті

Алматыда 22 адамды жаралаған "Гелендваген" жүргізушісі прокуратурадағы қызметінен кетті

Алматыда 22 адамды жаралаған "Гелендваген" жүргізушісі  прокуратурадағы қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Алматыда қоғамдық көлік жүретін жолаққа өтіп кетіп, автобуспен  соқтығысқан Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген прокурор қызметінен кетті. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Бекзат Бөшен еңбек демалысынан шыққаннан кейін өз қалауымен қызметтен кету туралы өтініш жазды. Оқиға бойынша қызметтік тексеріс жалғасып жатыр", - делінген аталған хабарламада. Еске салайық, аталған жол апатынан 22 адам зардап шеккен болатын. Олардың қатарында прокурордың 2 жасар баласы да бар. Дәрігерлер сәбиді ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызған. Кейінірек анықталғандай, қымбат көлік прокурордың өзінікі емес болып шықты. Ол істеген ісі үшін көпшілік алдында кешірім сұраған болатын.