265
Орамал таққаны үшін жұмыстан қуылды
Орамал таққаны үшін жұмыстан қуылды
Қырғызстан астанасы әкімдігінің халықаралық қатынас бөлімінің жетекші маманы Сейіл Маданбекова орамал таққаны үшін жұмыстан қуылған. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Оның сөздерінше, аппарат жетекшісі Меліс Жунушалиев екі рет шақырып алып, басындағы жаулығын сөз еткен. Сосын жұмыстан кету жөнінде арыз жазуыңа тура келеді деген.
«Мен оған ешқандай арыз жазбаймын және жұмыстан кетпеймін дедім. Сосын ол маған сөгіс жариялады, тағы да шақырып алып, арыз жазуымды талап етті. Ол егер мен өз қалауыммен арыз жазбасам, бап бойынша жұмыстан шығаратынын айтты. Мен жұмыстан шығара берсін, құқығымды қорғап, сотқа шағымданамын дедім. Мен мемлекеттік қызметте жеті жыл жақсы жұмыс істедім. Осы уақытқа дейін ешқандай сөгіс алған емеспін», - дейді ол.
Өз кезегінде Бішкек әкімдігі Сейіл Маданбекова орамал таққаны үшін емес, жұмысына байланысты бірнеше рет ескерту алды дейді.
Осыған дейін Бішкектің Ленин аудандық соты бұрынғы мемлекеттік қызметкердің пайдасына шешім шығарған. 24 мамырда бұл істі Бішкек қалалық сотының алқасы қарайтын болады.