ҚТЖ студенттерді жазда жұмыспен қамтымақ

ҚТЖ студенттерді жазда жұмыспен қамтымақ

ҚТЖ студенттерді жазда жұмыспен қамтымақ
ашық дереккөзі
«Қазақстан темір жолы» компаниясы жазда студенттерді еңбекпен қамтиды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бейінді жоғарғы оқу орнының 500-ге жуық студенті ЭКСПО-2017 халықаралық арнайы көрмесі кезінде жолаушылар пойыздары жолсерігінің көмекшісі ретінде өндірістік тәжірибеден өтіп, жолаушыларға қызмет көрсетеді. Тәжірибеден өтушілердің басым бөлігі  – М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттері. Студенттер пойыз қозғалысы кезінде жолаушыларға сапалы қызмет ету арқылы өз біліктерін шыңдайды. Олар 1 маусым мен 31 тамыз аралығында айлық жалақы алып әрі практикалық тәжірибе жинақтайды. «Студенттер жазғы демалыс кезінде жолаушылар шаруашылығы қызметін түпкілікті меңгеріп қана қоймай, жақсы тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар ел өміріндегі ерекше маңызды тарихи оқиғаға теміржолшылардың алып командасының мүшесі ретінде ЭКСПО қонақтарына қызмет етуге өзіндік үлестерін қосады», – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай.