Қарағандылық жұрт ақшасынан айрылып қалды

Қарағандылық жұрт ақшасынан айрылып қалды

Қарағандылық жұрт ақшасынан айрылып қалды
ашық дереккөзі
388
Қарағандыда биржадағы саудаға қатысқан тұрғындар алаяқтарға алдандық деп байбалам салып отыр. Ғаламтор арқылы пайда табу үшін ол делдал компанияның көмегіне жүгінген екен. Алайда тұрғындар еш келісім-шартсыз солардың есеп-шотына қаражаттын аудара берген. Алғашқы бір-екі айда үстеме ақы алғанына алданып, компанияға тіпті тамыр-таныстарын тартыпты. Енді 90 мың доллардан аса ақшасынан айырылған 40 адам не істерін білмей дал болып жүр. Қарағандылықтарды тақырға отырғызған «Клондаик капитал» деп аталатын жобаның ғаламтордағы тұсаукесер бейнеролигінің авторы Ерқанат Бейсенбинов, ал жетекшісі Айнаш Бәйтелова. Ал жұрт осы компанияның есеп-шотына әрқайсысы 2-ден 15 мың долларға дейін салып жібергенін айтып тұр. Заңгерлердің айтуынша, әлгі компания биржадағы саудаға қатысқан күнде де инвесторлармен келісімнің болмауы жағдайды қиындатады. Тіпті жұрт аударған ақшасының қайда кетіп жатқанын қадағаламапты. Сондай-ақ, ғаламтор арқылы бүкіл ел аумағында үгіт насихат жүргізген олардың қармағына ілінгендердің қатары Қарағанды тұрғындарымен шектелмеуі де мүмкін.  

Серіктес жаңалықтары