"Бек Эйр" ұшпаған ұшағының шығынын 50 миллион теңгеге бағалады

"Бек Эйр" ұшпаған ұшағының шығынын 50 миллион теңгеге бағалады

"Бек Эйр" ұшпаған ұшағының шығынын 50 миллион теңгеге бағалады
ашық дереккөзі
423
 Астана әуежайынан жарты тәулік  ұша алмаған "Бек Эйр" лайнері 15 сағат үшін 50 миллион теңге шығын әкелді. Яғни  компания ұшағының қаңтарылып тұрған бір сағатын 3 миллион теңгеге бағалап отыр.  "Бек Эйрдің" қожайыны полицейлермен төбелестен соң кейбір  сайманы  сынған әуе кемесінің  шығынын да есептеп жатқанын ескерсек, бұл  сома тағы  ұлғаюы мүмкін. Аяқ-асты ақау шығып Елордаға қонуға мәжбүр болған ұшақ төңірегіндегі жанжал енді сотта  қаралмақ. Әуе кеңістігін бөліспей қалған Астананың көлік прокуратурасы мен "Бек Эйр" арасындағы тартыс бүгін де жалғасын тапты. Күні кеше сақшылардан қорғануға мәжбүр болған Нұрлан Жұмасұлтанов енді шабуылға кірісті. "Bek Air" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов: "Жазбаға сәйкес, прокурор өз қызметін асыра пайдаланып, азаматтық авиация ісіне заңсыз араласқан. Ол диспетчерлік мұнараға ешкімнің тиісті құжатсыз, телефон арқылы ауызша бұйрық беруіне қақы жоқ. Біз бұл жазбаны міндетті түрде сотқа ұсынамыз", - деді. Былтыр тағы сол Астана әуежайына бауырымен жер жырып шассисіз қонған дәл осындай ұшақ қолданыстан алынса, кешегі ақауы болған «Фоккер 100» жөндеуден кейін жолаушылар тасуға қайта кіріскен. Азаматтық авиация тергеу амалдарының ұшақ жұмысына кедергі емес екенін айтты. Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Талғат Ластаев: "Осындай оқиғалар үшін  басқарма бар министрлікте. Сол басқарманың мамандары тергеу жүргізіп, қортындысын береді. Шектеу ешқандай жоқ", - деді. Ал авиация үшін жауапты министрлік прокуратура мен әуе компаниясының жанжалына қатысты бейтарап позиция ұстанып отыр. Даудан кейін көлік прокуратурасы министрлік жеке дара борттың ұшуына рұқсат бере алмайды деп ақталғанымен, "Бек Эйр" басшысы бүгін нақты қандай ақауларға тыйым барын көрсетті. Енді әуе компаниясының шығындарын көлік прокуратурасы, желілік полиция және Инвестициялар және даму министрлігі өзара бөліп өтеуі мүмкін. Себебі, Бек Эйр басшылығы нақты кімдерді сотқа беретінін әлі шешкен жоқ. Және аталған 50 млн теңге шығын, полицейлердің сындырған ұшақ сайманының құны белгілі болған соң тағы артады.  

Серіктес жаңалықтары