239
Алматыда Қырым татарлары диаспорасы депортация құрбандарын еске алды
Алматыда Қырым татарлары диаспорасы депортация құрбандарын еске алды
Бүгін Алматыда Қырым татарларының "Ватандаш" мәдени орталығында 1944 жылы совет диктаторы Иосиф Сталиннің бұйрығы бойынша жүргізілген депортация құрбандарын еске алды.
Еске алуға жиналғандар «Гузель Къырым» («Көрікті Қырым») әнін айтты, сонымен бірге депортация куәгерлері - үлкен буынның әңгімелерін тыңдады. Қатысушылар ескер алу шарасын Орталық саябақтағы депортацияланған Қырым татарларына арналған аллеяда білте шамын жағумен аяқтады.
1944 жылы 18 мамырда Қырым түбегінен Орталық Азияға Қырым татарларының алғашқы легі жөнелтілді. Үш күнде Қырымнан Орталық Азия елдері мен Сібірге 180 мыңнан астам адам күштеп қоныстандырылған. Олардың 30 мыңнан астамы алғашқы жылы аштық пен суықтан құрбан болды. Украинада жыл сайын депортация құрбандарын еске алады. Ресей билігі 2014 жылы Қырымды аннексиялап алған соң Қырым татарларының белсенділеріне бұл күні көпшілік шаралар ұйымдастыруға тыйым салған.
"Ватандаш" орталығының мәліметінше, Қазақстанда үш мыңға жуық Қырым татарлары тұрады.