450
Алматыда терроризмді насихаттады деп айыпталған Омарованың соты басталды
Алматыда терроризмді насихаттады деп айыпталған Омарованың соты басталды
Алматыда терроризмді насихаттады деп айыпталған Жанна Омарованың соты басталды. Оның әлеуметтік желілердегі парақшасында "терроризм уағыздаушысы" Саид Бурятскийдің дәрісі жарияланған.
Тергеу нұсқасы бойынша, 34 жастағы Қапшағай тұрғыны өзінің «Мой мир» әлеуметтік желісі арқылы рұқсат етілмеген діни аудиотаспа жариялаған. Сараптама оны "Саид Бурятскийдің Солтүстік Кавказдағы террорлық топ мүшелеріне үндеуі" деп есептейді.
Сотталушының күйеуі Жақсыбек Бимұрзаев терроризм айыбымен 25 жыл түрме жазасын өтеп жатыр. Ол "Орталық Азия моджахедтерінің жамағаты" тобының қазақстандық бөлімін басқарды делінеді.
Жанна Омарованы биыл қаңтарда ұстап, Алматыдағы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу абақтысына отырғызды. Абақтыда оның діни киімін шешкізуге мәжбүрледі. Кейін оны денсаулық жағдайына байланысты Алматыдағы № 1 тергеу абақтысына ауыстырған.
Сотталушының анасы Күләш Омарованың айтуынша, қызы дін жолына түсіп, хиджаб киген, төрт жыл бойы ешкіммен араласпаған.