257
Іздеуде жүрген 10 адам Алматыдан ұсталды
Іздеуде жүрген 10 адам Алматыдан ұсталды
Алматыда қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген 10 адам ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Айта кету керек, қалалық полиция 3 күн ішінде көші-қон заңын бұзған 376 адамды ұстады.
«Атап айтқанда, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Ауғанстан, Грузия, Украина елдерінің азаматтары ҚР Көші-қон туралы заңын бұзған. 279 шетелдік әкімшілік жазаға тартылды. Шетелдік азаматтарды жұмысқа заңсыз тартқаны туралы 9 дерек анықталды», - деді Алматы ІІД көші-қон полициясы басқармасының басшысы Айдын Белгібаев. Оның айтуынша, 3 күн аралығында 37 743 пәтер, 34626 үй, 477 мекеме тексерілді. «3583 адамның ішінен 109 адам қару жарағын тіркемегені анықталды. 74 қару тәркіленді. Рейд барысында қылмыстық іс бойынша іздеуде жүрген 10 адам ұсталды», - деді ол.