Қанат Ислам қатысатын бокс кешінде кімдер жұдырықтасады?

Қанат Ислам қатысатын бокс кешінде кімдер жұдырықтасады?

Қанат Ислам қатысатын бокс кешінде кімдер жұдырықтасады?
ашық дереккөзі
396
Қазақстандық боксшы Қанат Исламның қатысуымен өтетін бокс кешінде жұдырықтасатын боксшылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды vesti.kz Жекпе-жек 26 мамыр күні Флорида штатындағы «Бока-Ратон» спорт кешенінде өтеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде отандасымыз Қанат Ислам (23-0, 19 КО) шаршы алаңға шығады. Ол мексикалық Норберто Гонсалеспен (23-8, 13 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жектің жеңімпазы бірінші орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental белбеулеріне ие болады. Сонымен қатар бұл кеште шаршы алаңға тағы бір қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (20-0, 14 КО) та шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5 КО) болады. Бокс кешіне қатысатын боксшылардың толық тізімі: Дагоберто Агуэро (11-0, 8 КО) Доминика Республикасы - Густаво Молина (24-10, 9 КО) Мексика – жеңіл салмақ; Чжан Чжилэй (15-0, 11 КО) Қытай - Кертис Харпер (12-4, 8 КО) АҚШ – ауыр салмақ; Веллингтон Ромеро (12-0-1, 9 КО) Доминика Республикасы - Уилфридо Буелвас (18-7, 12 КО) Колумбия – ең жеңіл салмақ; Майк Болагун (10-0, 9 КО) АҚШ - қарсылас әлі белгісі – аса ауыр салмақ; Тайрон Спранг (7-0, 7 КО) АҚШ - Освальдо Ортега (2-5, 1 KO) Мексика – аса ауыр салмақ; Джастин Райт (дебют) АҚШ - Кристофера Салерно (1-1) АҚШ – жартылай жеңіл салмақ; Лоуренс Ньютон (6-0, 4 КО) - қарсылас әлі белгісіз – ең жеңіл салмақ.

Серіктес жаңалықтары