Тәжікстанда президентке берген антты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады

Тәжікстанда президентке берген антты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады

Тәжікстанда президентке берген антты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады
ашық дереккөзі
309
17 мамырда Тәжікстан парламенті үкімет туралы заңға өзгерістер жобасын қабылдады. Ол бойынша, президентке адал болатыны туралы антты бұзған үкімет мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Бұдан өзге шенеуніктің жыл сайын салық органына өзі мен отбасы мүшелерінің атына тіркелген табысы және мүлкі туралы декларация тапсыруды міндеттеу қарастырылған. Өткен жылы шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон үкімет мүшелері және парламент депутаттарының құқықтық жағдайы туралы заңға қол қойған. Ол заң бойынша, жаңа тағайындалған министрлер қызметіне кіріспес бұрын президентке адал болатыны туралы ант қабылдап, барлық күш-жігерін Тәжікстанның әлемдегі беделін көтеруге жұмсауға уәде береді. Тәжікстанда парламент мүшелерінің халыққа, ал үкімет мүшелерінің президентке ант қабылдауы туралы өзгеріс 2016 жылы 22 мамырдағы референдум нәтижесінде Конституцияға енгізілген 41 өзгерістің бірі болған. Министрлер қабылдайтын ант мәтінінде олардың "мемлекет пен ұлт мүддесін барлығынан жоғары қойып, барлық күш-жігері мен білімін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сарп ететіні және оған адал ниетпен қызмет ететіні" айтылған. Тәжікстанда парламент депутаттары халыққа ант беруге міндетті.  

Серіктес жаңалықтары