386
Байқоңырда санақ жүргізіледі
Байқоңырда санақ жүргізіледі
2017 жылғы сәуірден басталған Байқоңыр қаласының тұрғындары - Қазақстан Республикасының азаматтарын санақтан өткізу жұмыстары одан әрі жалғасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Байқоңырда тұратын ҚР азаматтарының санағы оларды ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізіміне енгізу мақсатында жүргізілуде деп түсіндірді Байқоңыр қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі. «2017 жылғы 3-10 сәуір аралығында еріктілер 11 444 пәтерді аралап, 32 008 азаматтың деректерін растады. 2 850 пәтер бойынша деректердің анықталмауына байланысты 9047 азамат туралы мәлімет нақтыланбады. Осы орайда еріктілерден құралған арнайы жұмыс тобы қазақстандықтар туралы деректерді жинау жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады», - деп атап өтті әкімшілік.