Францияда Канн кинофестивалі басталды

Францияда Канн кинофестивалі басталды

Францияда Канн кинофестивалі басталды
ашық дереккөзі
180
Францияда халықаралық Канн кинофестивалі 70-ші рет өткізіледі, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.   Екі мыңға жуық толықметражды фильмдердің ішінен фестиваль комиссиясы бұл жолы 150-ге жуығын іріктеп алды. Алғашқы Канн кинофестивалі Францияда 1946 жылы өткізілген. Сол жолы Фильм авторларының қауымдастығы үздік режиссураға соғыс туралы картина түсірген кеңес режиссері Михаил Ромм лайық деп тапты. Фестиваль Гран-приі басты рөлді Михаил Державиннің үлкені ойнаған Сталинград қорғаушылары туралы Фридрих Эрмлердің фильмі алды. Жыл сайын өткізілетін фестиваль құрылғалы бері екі мәрте ғана қаржы жетіспеушілігінен өткізілмеген (1948 және 1950 жылдары). Айта кетерлігі  бұған дейін италиялық актриса Моника Беллуччи Канн фестивалінің жүргізушісі болады деп хабарланды. Моника Беллуччи 17-28 мамыр аралығында өтетін кинофорумның салтанатты ашылу және жабылу рәсімін жүргізеді. Сонымен қатар, жас режиссер Диас Әзімжановтың «УльтиО» (ULTIO) атты қысқаметражды фильмі Қазақстан атынан Канн фестивалінің Short Film Corner секциясында көрсетіледі. «УльтиО» – жас жұбайлар, ата-ана және балалар арасындағы күрделі қарым-қатынастарды көрсететін мистикалық элементтері бар отбасылық псиxологиялық драма.

Серіктес жаңалықтары