Алматының үздік оқушылары ЭКСПО-ны тегін тамашалай алады

Алматының үздік оқушылары ЭКСПО-ны тегін тамашалай алады

Алматының үздік оқушылары ЭКСПО-ны тегін тамашалай алады
ашық дереккөзі
Алматылық кәсіпкерлер оқушыларға, студенттерге, Алматы қаласының мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларына «ЕХРО-2017» көрмесіне 1000 билет сыйламақ. Бұл туралы Қалалық кәсіпкерлікті қолдау және индустриялды инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  «Билеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, сондай-ақ ғылыми жұмыстармен белсенді түрде айналысатын оқушылар мен студенттерге беріледі. Бұдан басқа, «Жыл мұғалімдері» және ғылыми жобаларға жетекшілік ететін оқытушылар көрмені тегін тамашалауға мүмкіндік алады», - деді Алматы қаласы бойынша «Астана Экспо-2017» жедел штабының басшысы Самғат Ермекбаев. Оның айтуынша, меценаттар «Астана Экспо-2017» көрмесінің Алматыдағы штабына оқушылар үшін 200 билет, мұғалімдер үшін 300 билет, студенттік жастар мен ЖОО оқытушылары үшін 500 билет сатып алу туралы өтініш білдірген. Айта кету керек, бір билеттің құны 4 000 теңге.