195
ЭКСПО-ға орай Алматыда тексеріс күшейді
ЭКСПО-ға орай Алматыда тексеріс күшейді
Алматы полициясы «Тіркеу» шарасын бастады. Арнайы профилактикалық шара ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында қолға алынып отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Шараның мақсаты – қаладағы қоғам тыныштығын қатаң қадағалап, қылмыстың алдын-алу, заңсыз миграция жолына тосқауыл қойып, қару-жарақ және есірткі саудасымен айналысатын адамдарды қатаң жазалау.
Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:
- Сонымен қатар тіркелген қару-жарақтың иелерін тексеруді қолға алатын боламыз. Бұл олардың тарапынан қандай да бір құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жасалады.