Өзбекстанда ет қымбаттады

Өзбекстанда ет қымбаттады

Өзбекстанда ет қымбаттады
ашық дереккөзі
737
Өзбекстанда мамыр айында ет бағасы 10, 15, ал кейбір сауда нүктелерінде 20 пайызға дейін көтерілді. Атап айтқанда, Ташкентте қой етінің бір келісі 11 мамырда 28 мың сомнан сатылған болса, бүгін оның бағасы 32-34 мың сомға өскен ("қара базарда" 1 доллар бағамы шамамен 8 мың сом болады). Сатушылар ет бағасының көтерілуін қой төлдейтін уақытпен байланыстырып отыр. Өзбекстанның бәскелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қызметкері былтырғы жылғы мал азығы таусылғанын, баға соған байланысты өскенін айтты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан базарларында соңғы айда картоп бағасы төрт есе қымбаттаған.  

Серіктес жаңалықтары