«Даму» Қоры мен «Shinhan Bank Kazakhstan» АҚ мүгедек кәсіпкерлерге демеушілік көрсетті

«Даму» Қоры мен «Shinhan Bank Kazakhstan» АҚ мүгедек кәсіпкерлерге демеушілік көрсетті

«Даму» Қоры мен «Shinhan Bank Kazakhstan» АҚ мүгедек кәсіпкерлерге демеушілік көрсетті
ашық дереккөзі
182
«Shinhan Bank Kazakhstan» мүгедек кәсіпкерлер үшін құны $17,4 (5,5 млн тг) болатын  18 тігін машинасын сатып алды (тігін машиналары, оверлок).  «Даму» Қорының «Даму-Көмек» жобасы аясында техниканы «Shinhan Bank Kazakhstan» Басқарма төрағасы Ким Хен Хван табыстады. Енді мүгедектігі бар кәсіпкерлер өз кәсібін ашып, бизнесі барлары ісін дамытуға мүмкіндік алды. Мұнымен қатар «Shinhan Bank Kazakhstan» 18 кәсіпкерге есеп-шот ашып, істерін бастап кету үшін 100 мың теңгеден салып берді. Болашақта  банк көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балаларды күндіз бағатын орталықтар үшін тапсырыс тауып береді. (төсек жабдықтары, ұлттық киімдер, балалар үйі мен әлеуметтік мекеме қызметкерлері үшін арнайы біркелкі киім). «Даму» Қорының Басқарушы директоры Ғабит Лесбековтің айтуынша, «Даму-Көмек» жобасы жүзеге асырыла бастаған 7 жыл ішінде www.damu-komek.kz сайты арқылы республика бойынша 2 342  өтінім түссе, ол бойынша 1 945 мүгедек жанға көмек көрсетілген. (10.05.2017 ж.) 2016 жылы 300 адам көмек сұрап тіркелсе, барлығы демеушілерден қажетті бұйымдарын алған. «Даму-Көмек» жобасының демеушілері – кәсіпкерлер, ірі бизнес иелері және банктер. Мүгедектерді қолдау жөніндегі бастамамызды қолдағаны үшін Шинхан Банкке ризамыз. Бұл – мүгедектер үшін тапсырыс тауып, бизнестерін кеңейтуге деген үлкен мүмкіндік. «Даму-Көмектен» басқа Қорда «Жұлдыздарға қара» жобасы да жүзеге асырылып келеді. Ол бойынша мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер құрал-жабдыққа деп 300 мың теңгеге дейін грант ала алады. Қазіргі уақытта 50 млн теңгеден астам қаржыға 250 грант берілген. Өткен жылы біз «Мүгедек әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» атты бағдарламаны қолға алдық. Бұл бағдарлама әйелдерді сұранысқа сай кәсіп түріне оқытып, дайындап/қайта дайындап, бизнес-жоспар құруға бағытталған. Қазір 50 мүгедек әйел жұмысқа тұрып, 90-ы кәсіптік дайындықтан өтті»,-деді «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қорының Басқарушы директоры-басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков. Шара аясында жәрмеңке-көрме өтіп, мүгедек кәсіпкерлер өз бұйымдарын қойды. «Даму» Қоры – бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына  қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету. «Шинхан Банк Қазақстан» 100% еншілес банк болып табылады. Банктің бірден бір акционері - Шинхан Банк Сеул әлемнің ең ірі банкі. Қаржылық Шинхан тобының (Shinhan Financial Group) құрамына кіреді және Корея Республикасында көшбасшы қаржылық топ болып табылады. Банк жеке тұлғаларға да, сонымен қатар корпоративтік сегментке де бағытталған банктік қызметтің кең саласын ұсынады, орта және шағын бизнес кәсіпорындары мен ұйымдарына қызмет көрсетеді. «Shinhan Bank Kazakhstan» мүгедек кәсіпкерлер үшін құны $17,4 (5,5 млн тг) болатын  18 тігін машинасын сатып алды (тігін машиналары, оверлок).  «Даму» Қорының «Даму-Көмек» жобасы аясында техниканы «Shinhan Bank Kazakhstan» Басқарма төрағасы Ким Хен Хван табыстады.  Енді мүгедектігі бар кәсіпкерлер өз кәсібін ашып, бизнесі барлары ісін дамытуға мүмкіндік алды. Мұнымен қатар «Shinhan Bank Kazakhstan» 18 кәсіпкерге есеп-шот ашып, істерін бастап кету үшін 100 мың теңгеден салып берді. Болашақта  банк көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балаларды күндіз бағатын орталықтар үшін тапсырыс тауып береді. (төсек жабдықтары, ұлттық киімдер, балалар үйі мен әлеуметтік мекеме қызметкерлері үшін арнайы біркелкі киім). «Даму» Қорының Басқарушы директоры Ғабит Лесбековтің айтуынша, «Даму-Көмек» жобасы жүзеге асырыла бастаған 7 жыл ішінде www.damu-komek.kz сайты арқылы республика бойынша 2 342  өтінім түссе, ол бойынша 1 945 мүгедек жанға көмек көрсетілген. (10.05.2017 ж.) 2016 жылы 300 адам көмек сұрап тіркелсе, барлығы демеушілерден қажетті бұйымдарын алған. «Даму-Көмек» жобасының демеушілері – кәсіпкерлер, ірі бизнес иелері және банктер. Мүгедектерді қолдау жөніндегі бастамамызды қолдағаны үшін Шинхан Банкке ризамыз. Бұл – мүгедектер үшін тапсырыс тауып, бизнестерін кеңейтуге деген үлкен мүмкіндік. «Даму-Көмектен» басқа Қорда «Жұлдыздарға қара» жобасы да жүзеге асырылып келеді. Ол бойынша мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер құрал-жабдыққа деп 300 мың теңгеге дейін грант ала алады. Қазіргі уақытта 50 млн теңгеден астам қаржыға 250 грант берілген. Өткен жылы біз «Мүгедек әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» атты бағдарламаны қолға алдық. Бұл бағдарлама әйелдерді сұранысқа сай кәсіп түріне оқытып, дайындап/қайта дайындап, бизнес-жоспар құруға бағытталған. Қазір 50 мүгедек әйел жұмысқа тұрып, 90-ы кәсіптік дайындықтан өтті»,-деді «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қорының Басқарушы директоры-басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков. Шара аясында жәрмеңке-көрме өтіп, мүгедек кәсіпкерлер өз бұйымдарын қойды.  

Серіктес жаңалықтары