Қытай Жібек жолы қорына қосымша 15 млрд-қа жуық доллар бөледі

Қытай Жібек жолы қорына қосымша 15 млрд-қа жуық доллар бөледі

Қытай Жібек жолы қорына қосымша 15 млрд-қа жуық доллар бөледі
ашық дереккөзі
278
Қытай Жібек жолы қорына (ЖЖҚ) қосымша 100 млрд юань (15 млрд-қа жуық доллар) бағыттайды. Бұл туралы «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы шеңберінде халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі  Форумда  ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды Қытайдағы "ҚазАқпарат" ХАА меншікті тілшісі. «Қытай   бастаманы жүзеге асыру үшін (Бір белдеу, бір жол) Жібек жолы қорына қосымша 100 млрд юань құяды. Біз қаржы институттарын 300 млрд юань шамасында бағаланған операцияларды юаньмен жүргізуге шақырамыз. Қытайлық даму банкі және Қытай ЭКСИМ-банкі сәйкесінше 200 млрд юань және 130 млрд юань мөлшерінде  инфрақұрылымдарды, өнеркәсіп қуатын және қаржыландыруды қолдаудың  арнайы кредиттеу схемасын құрады»,-деді ол. Еске сала кетсек, Қытай Жібек жолы қорына (ЖЖҚ) 2014 жылғы желтоқсанда «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Осы уақытқа дейін оны капиталдандыру сомасы 40 млрд долларды құрады. Еске салсақ, Форумға 29 мемлекет, 3 халықаралық ұйым  (БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры) басшыларымен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.        

Серіктес жаңалықтары