239
Мединедегі мектепте қазақстандық оқушы қаза тапты
Мединедегі мектепте қазақстандық оқушы қаза тапты
Мединеде қаза болған қазақ баланың ата-анасы мектептің үстінен шағымданбайды - ҚР СІМ Мединедегі Хассан ибн Сәбит атындағы мектепте қазақстандық Ахмед Тошбиков Нұр баспалдақтан құлап қаза тапты, - деп хабарлайды Gulf Daily News.
Оқиға 2017 жылдың 23 сәуірінде болған. Баланың баспалдақтан құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Оқиғаны видеоның 52-секундында көруге болады.
Видеодағы кадрлардан балалардың мектептегі баспалдаққа жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Бір сәтте видеода ер адам пайда болады. Ол балалармен сөйлесіп тұрғанда оқушылардың бірі баспалдақтан құлап кетеді. БАҚ мәліметінше, Ахмет Тошбиков Нұр басын қатты жарақаттап алған. Дәрігерлер бала ауруханаға жеткізілгенде оның қайтыс болғанын айтқан. Баланың Құран оқу орталығында 1-курста оқығаны белгілі болды. Ел билігі бұл оқиғаны зерттеп жатыр.
https://www.youtube.com/watch?v=5-kULpS6yH4