184
Сирия оппозициясы стратегиялық қаланы басып алды
Сирия оппозициясы стратегиялық қаланы басып алды
АҚШ қолдау көрсететін сириялық оппозиция 10 мамырда «Ислам мемлекеті» (ИМ) содырларынан Табка қаласы мен елдегі ең ірі бөгетті тартып алып, Раккаға шабуылдайтын жолды ашты.
Раккадан батысқа қарай 40 километр қашықтықтағы Табка қаласының құлауы өзге ірі елді мекендерді Раккамен байланыстыратын ірі жол торабынан айырады.
Күрд және араб жасақтарынан құралған СДК альянсы Табка қаласын ИМ-нен қайтарып алу үшін бірнеше апта ұрыс жүргізіп келеді. Альянс таяуда АҚШ-тан ауыр қару-жарақ алған.
Сирия оппозициясы қару-жарағын жаңартудан бөлек стратегиялық маңызды қала мен оның жапсарлас ірі бөгетті қайтарып алу үшін АҚШ бастаған халықаралық коалициядан көмек алған. Коалиция оппозиция күштерін әуе шабуылдары мен арнайы жасақтары арқылы қолдаған.
СДК кеңесшісі Нассер Хадж Мансур Табка қаласы мен бөгет қазір ИМ содырларынан "толық азат етілгенін" мәлімдеді.
АҚШ президентінің ИМ-ге қарсы іс-қимыл бойынша арнайы өкілі Бретт Макгурк Twitter-де Табканың қайтарылғанын растады.