Өзбекстанда Каримовтің ең үздік портретіне байқау жариялады

Өзбекстанда Каримовтің ең үздік портретіне байқау жариялады

Өзбекстанда Каримовтің ең үздік портретіне байқау жариялады
ашық дереккөзі
329
Өзбекстанның суретшілер академиясы елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің ең үздік портретіне байқау жариялады. Бұл жөнінде академияның ресми сайтында жарияланған. Байқауға кәсіби суретшілер, кестешілер және бейнелеушілер қатыса алады. Салынатын портреттің көлеміне шектеу қойылмаған. Жарыс 31 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздарды Өзбекстанның суретшілер академиясы бағалы сыйлықпен марапаттамақ. Осыған дейін Ислам Каримов ескерткішінің үздік жобасы халықаралық байқауын Ильхом Жаббаров жеңіп алған. Мүсінші Жаббаровқа Ташкент, Самарқан және Қарши қалаларына елдің тұңғыш президентінің ескерткішін орнату тапсырылған.  

Серіктес жаңалықтары