Қазақстандағы банктердің табысы төмен

Қазақстандағы банктердің табысы төмен

Қазақстандағы банктердің табысы төмен
ашық дереккөзі
420
Қазақстандағы банктердің табысы төмендеп барады. Қазақстанның банк секторындағы табыс деңгейі төмендеп жатыр, тек бір ғана банк жалпы табыстың 42%-ын иеленді, деп хабарлайды ranking.kz.  2017 жылдың қаңтар-наурыз айында қазақстандық банктердің жиынтық пайдасы 82,4 млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 14,1%-ға төмен. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.  Өткен жылдың бірінші тоқсанында ҚР Екінші деңгейлі банктерінің (ЕДБ) ішінде 2 банктің жалпы табысы 48,7%-дан келсе, ал 2017 жылы тек бір банк таза жиынтық пайданың 42,4%-ын құрап отыр. 2017 жылдың бірінші тоқсанында ЕДБ арасында ең көп табысқа Халық банкі ие болды. Оның табысы 34,9 млрд теңгеге жетіп, ҚР ЕДБ жалпы табысының 42,4%-ын құрады. Өткен жылы аталмыш банктің бұл көрсеткіші 15,1 млрд теңгені, яғни ҚР ЕДБ жалпы табысының 15,7%-ын құрап, 2 орынды еншілеген еді. Биылғы көрсеткіш бойынша 6,9 млрд теңгемен Казком екінші орынға шықты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 78,2%-ға төмен. Казком өткен жылы 31,7 млрд теңгемен көш бастаған болатын. Үштікті Ситибанк түйіндеп тұр. Оның пайдасы 2016 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 17,8%-ға азайып, 6,6 млрд теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары