Reina түнгі клубында теракт жасаған лаңкес 2397 жылға сотталуы мүмкін

Reina түнгі клубында теракт жасаған лаңкес 2397 жылға сотталуы мүмкін

Reina түнгі клубында теракт жасаған лаңкес 2397 жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
Стамбұл прокуратурасының өкілі Reina түнгі клубында теракт жасаған Абдулқадыр Машариповке 40 өмірлік жаза мен 2397 жыл түрме жазасын сұрады. Бұл туралы  Sabah түрік басылымына сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  Бұған дейін Машарипов соттан өзін өлім жазасына кесуін сұраған еді, бірақ Түркияда өлім жазасына тыйым салынған.
Машариповті "конституциялық құрылымды құлатуға талпынды", террорлық акт жасады, көптеген адамды өлтірді, қаруды заңсыз сақтады деп айыптады. Тергеу кезінде Машарипов кінәсін мойындаған. Бастапқыда ол стамбулдық "Таксим" алаңында теракт жасауды жоспарлағанын айтты. Бірақ алаңда қауіпсіздік шаралары күшейтілген соң, ол Reina түнгі клубына шабуылдаған. Теракт салдарынан 40 адам қаза тапты, 70-і жараланды. Машарипов бірнеше аптадан соң Стамбулдың Эсенюрт ауданында ұсталды. Оның пәтерінен екі тапанша, 197 мың доллар, дрон және SIM-карталар табылған. Түрік полициясының мәліметі бойынша, бұл қаражатты Машариповке Стамбулдағы шабуыл үшін төлеген болуы керек.