АҚШ президенті Трамп: Лавровпен кездесу өте жақсы өтті

АҚШ президенті Трамп: Лавровпен кездесу өте жақсы өтті

АҚШ президенті Трамп: Лавровпен кездесу өте жақсы өтті
ашық дереккөзі
195
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер "өте жақсы өтті" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, "Сириядағы қантөгісті доғару керек және бәрі осы мақсатта жұмыс істеп жатыр". Ақ үй таратқан мәлімет бойынша, АҚШ президенті Сириядағы жанжалды бірге шешу қажет екендігін баса айтқан. Трамптың пікірінше, Асад жүйесін, Иран мен оның одақтастарының жолын кесу керек. Президент Украина мәселесін де көтеріп, оның әкімшілігі бұл аймақтағы жанжалдың шешілгенін қалайтынын жеткізді. Ол Ресейдің Минск келісімі шарттарын орындаудағы жауапкершілігін еске салды. Бұған қоса, ол Таяу Шығыс пен басқа да аймақтардағы жанжалдарды шешуде әріптестік орнатқысы келетінін айтты. АҚШ президенті Ресеймен қарым-қатынасының жақсарғанын қалайтынын жеткізді. Вашингтонда өткен баспасөз конференциясында Сергей Лавров Мәскеу мен Вашингонның Сирияда қауіпсіз аймақ құру мәселесі бойынша қарым-қатынас орнатуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы келіссөздер барысында талқыланған. Ресей сыртқы істер министрі Кремльдің америкалық президенттік сайлауға араласқан деген әңгіме төңірегіндегі жанжалға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Серіктес жаңалықтары