248
Соғыс ардагерлеріне арналған төлем 1,5 мың долларға өсті
Соғыс ардагерлеріне арналған төлем 1,5 мың долларға өсті
Қазақстанда биыл Жеңіс күніне орай әрбір соғыс ардагеріне 1570 доллардан сыйақы төледі. Сөйтіп Қазақстан Орталық Азия елдері арасында төлем көлемі жөнінен көш бастады.
Тәжікстан биыл соғыс ардагерлеріне 340 доллар төлесе, Өзбекстан – 256 доллар, Қырғызстан – 220 доллар, Түркіменстан – 26 доллар бөлген. Ресейде соғыс ардагерлеріне арналған төлем 171 доллар көлемінде болды.
2016 жылы да Қазақстан ардагерлерге берілген сыйақы көлемі жөнінен Орталық Азияда бірінші орынға шыққан - былтыр ардагерлер 450 доллардан алған еді.