527
Аутизммен ауыратын балалар саны өскен
Аутизммен ауыратын балалар саны өскен
Оңтүстік Қазақстан облысында аутизммен ауыратын 121 бала тіркелген. Облыстық психоневрологиялық диспансердің өкілі Айман Құттықожаева жылдан жылға аутизммен ауыратын балалар санып өсіп келеді дейді. 2000 жылы облыс бойынша 10 бала тіркелген.
«Аутизмді жеңеміз!» қоғамдық қорының өкілі Толқын Тұрапбекова Қазақстанда аутизммен ауыратын балаларға қолдау жоқ, ата-аналарға сол себептен қиын тиіп отыр дейді.
Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру басқармасының бас маманы Ғалия Жанаева аутизммен ауыратын балаларға білім беру үшін арнайы жағдай жасалыну керек деп атап өтті. Оның сөздерінше, бүгінгі күні үш жастан 18 жасқа дейінгі аутист бала мектепте оқиды.
«Аутизмді жеңеміз!» қоғамдық қорының үйлестірушісі Жандос Сейіт мемлекет енді ғана аутизм мәселесіне көңіл бөліп жатыр дейді. Оның айтуынша, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен Қарағанды, Қызылорда, Алматы және Астана қалаларында арнайы орталық жұмыс істей бастаған.