Ұлттық олимпиада комитеті ардагерлерге құрмет көрсетті

Ұлттық олимпиада комитеті ардагерлерге құрмет көрсетті

Ұлттық олимпиада комитеті ардагерлерге құрмет көрсетті
ашық дереккөзі
345
Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев тыл ардагерлері мен отандық спорттың аңызына айналған азаматтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Танымал боксшы, Қазақстандағы көптеген спорттың дамуына үлес қосқан ардагер Виктор Семенович Садчиков, КСРО-ға танымал жеңіл атлет, 1956 жылғы Мельберун Олимпиадасының қатысушысы Евгений Семенович Кадяйкин және КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері, коньки спортынан еліміздегі тұңғыш спорт шебері Мая Хвандарға Ұлттық олимпиада комитетінің президенті 1945 жылғы Ұлы Жеңіске қосқан үлестері үшін алғыс айтып, мерекемен құттықтады. «Ұлы жеңіс күні қарсаңында бейбітшілік пен тыныштықтың орнауына, елімізді азат етуге қосқан үлестеріңізге алғыс айтамыз. Сіздердің ерліктеріңіз болашақ ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бүгінгі ашық аспан мен жарқын өміріміз үшін сіздерге мәңгі қарыздармыз», - делінген құттықтауда. Жиын барысында Ұлттық Олимпиада Комитеті атынан ардагерлерге құттықтау хаты мен ақшалай сыйлық табыс етілді.

Серіктес жаңалықтары