Қазақ КСР МҚК бұрынғы төрағасы Зақаш Камалиденов қайтыс болды

Қазақ КСР МҚК бұрынғы төрағасы Зақаш Камалиденов қайтыс болды

Қазақ КСР МҚК бұрынғы төрағасы Зақаш Камалиденов қайтыс болды
ашық дереккөзі
215
Алматыда Қазақ КСР МҚК бұрынғы төрағасы Зақаш Камалиденов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "ҚР ҰҚК органы ардагерлері" ұйымының төрағасы Кенжеболат Бекназаров мәлімдеді. Қоштасу рәсімі 10 мамырда Алматыдағы Офицерлер үйінде өтеді.  Зақаш Камалиденов1936 жылы 10 маусымда қазақ отбасында Гурьев облысы (Атырау облысы) Новобогатинск ауданындағы Орпа ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Генерал-майор шені берілген.  Зақаш Камалиденов 1958 жылы Мәскеу мұнай институтын тәмәмдап, 1970 жылы КОКП ОК Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек өтілін 1958-1960 жылдары - Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде бастаған. 1960-1970 жылдары - Жылыой аудандық комсомол комитетінің, Атырау облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болды, Ақтау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы қызметінде болды. 1970-1979 жылдары - Атырау облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы; Қазақстан ЛКЖО ОК бірінші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Ақмола облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1979-1980 жылдары - КСРО МҚК аға инспекторы, Қазақ КСР МҚК төрағасының орынбасары. 1980-1982 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы OK хатшысы. 1982-1985 жылдары- Қазақ КСР МҚК төрағасы. 1985-1988 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы OK хатшысы. 1988-1989 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумыныңтөрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының орынбасары. 1971-1990 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы OK мүшесі. 1986-1989 жылдары - КОКП OK мүшелігіне кандидат. 11-ші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесіне, 8-11 шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланган. 2004 жылдан - "Мұнайшы" қоғамдық қоры қамқоршылық Кеңесінің мүшесі. Ленин, Октябрь Революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталған.  

Серіктес жаңалықтары