243
АҚШ Абдул Хасибтің өлтірілгенін растады
АҚШ Абдул Хасибтің өлтірілгенін растады
Ауғанстанда ауған және америка әскерінің арнайы операциясы барысында «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының лидері Абдул Хасиб өлтірілген. Бұл жөнінде Reuters хабарлайды.
Операция 27 сәуірде жүргізілген. Бірақ Пентагон Хасибтің өлімін тек 7 мамырда растады. АҚШ әскерінің мәліметінше, Хасиб содырлар жасаған көптеген шабуылдардың, оның ішінде наурыз айының басында Кабулдағы ауған әскери күштерінің ауруханасына жасалған жарылыстың ұйымдастырушысы болған.
Сәуір айының ортасында АҚШ қуаты күшті ядролық бомбаны бірінші рет қолданды – оны «барлық бомбалардың анасы» деп атайды. Соққының нәтижесінде Ауғанстанның шығысындағы «Ислам мемлекетінің» базасында 36 содыр қаза тапқан.