Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Димаштың концертінің билеттерін шетелдіктер алуда

Димаш Құдайбергеннің Дүниежүзілік турне аясындағы концерті Астанада 27 маусым күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Бұл туралы әншінің продюсері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagramдағы парақшасында хабарлады. «Дүниежүзілік турне аясындағы концерт Қазақстан астанасында 27 маусым күні өтеді.

Бұл 2017 жылы жоспарға сай өтейін деп отырған тұңғыш концерт. Сол себепті Димаштың коцертінің куәсі болу үшін #Bastau ЭКСПО аясында Астана келуге шақырамыз! Осы уақытта концертке билеттерді көп шетелдіктер сатып алды.Олардың арасында Ресей, Қытай, Германия, Италия, Франция, Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердегі Димаштың өнеріне тәнті азаматтар бар. Билеттердің құны 4 мың теңгеден басталады және олардың 40 проценті әнсүйер қауымның қолында. Сіздер де бізбен болуға асығыңыздар!»,-деп жазды әншінің продюсері.

 

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button