"Көкшетау-Шымкент" бағытына әуе рейсі ашылды

"Көкшетау-Шымкент" бағытына әуе рейсі ашылды

"Көкшетау-Шымкент" бағытына әуе рейсі ашылды
ашық дереккөзі
248
«Көкшетау-Шымкент» бағытында жаңа әуе рейісі ашылды. Алғашқы рейспен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мурзалин бастаған топ Шымкент әуежайына табан тіреді.  Делегаттарды арнайы күтіп алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа бағыттың екі облыстың сауда-экономикалық қатынастарының нығаюына, туризм саласының қарқынды дамуына септігін тигізетіндігін жеткізді.  «Еліміздің Оңтүстігі мен Солтүстігін жалғайтын әуе кеңістігінде алтын көпір орнатылып отыр. Бүгінгі күннен бастап, аптасына 2 рет жиілікпен «Шымкент-Көкшетау» әуе бағыты бойынша аптаның жұма, жексенбі күндері әуе рейстері орындалатын болады. Еліміздің мақтанышы саналатын Бурабай демалыс аймағына еліміздің ғана емес, шетелдің де қызығушылығы өте жоғары. Бұдан былай облыс тұрғындары  Бурабайға «Шымкент-Көкшетау» әуе бағытын пайдалана отырып, баруына үлкен мүмкіндік пайда болды», - деді Жансейіт Түймебаев. Сонымен қатар, облысымыздың Түркістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Қасқасу сияқты туристік аймақтарына Ақмола облысынан туристердің әуе бағыты арқылы келуіне мүмкіндік туып отыр.  Жалпы, «Шымкент-Көкшетау» әуе бағыты 2 облыстың алдағы уақытта қарыштап дамуына өз септігін тигізетін болады. Тасымалдауға арналған ұшақ түрі канадалық  CRJ-200. Жол жүру бағасы -  20 мың теңгені құрайды. Қазірдің өзінде  «Шымкент-Көкшетау» бағытын жандандыру мақсатында, қос қалада да халықтың көп шоғырланатын орындарында жарнамалар орнатылған.   Оңтүстікке іссапары барысында көкшетаулық делегация басшылығы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі екі жақты ынтымақтастықты арттыру жөнінде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы мемарандумға  қол қойылды.  Сондай-ақ, Шымкент пен Көкшетау  қалалары арасында  байланыс орнату және «Шымкент» ӘКК ҰҚ мен «Есіл» ӘКК ҰҚ арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы, «ENKI»ЖШС мен ОҚО құрылыс басқармасы өзара меморандум түзді. Келісімдер екі облыс арасындағы қаржылық даму мен ынтымақтастық байланысты күшейтуге бағытталған. Мәселен, «Көкшетау минералды су»АҚ мен Шымкенттік «Азамат» ЖШС өңіраралық кооперация аясында 2 млрд. тенгенің өнімін тасымалдау туралы меморандумға қол қойды. Түс ауа Ақмола облысынан келген арнайы делегация мүшелері Шымкенттегі бірқатар нысандар – «Фронт Офис», «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын, «Шымкент» ӘКК» АҚ-ын, «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен еркін экономикалық аймағы сынды маңызды нысандарды аралап, көрді.

Серіктес жаңалықтары