Құран кітабының ең үлкен көшірмесі жасалды

Құран кітабының ең үлкен көшірмесі жасалды

Құран кітабының ең үлкен көшірмесі жасалды
ашық дереккөзі
287
Египеттің танымал суретшісі қаситетті Құран кітабының ең үлкен көшірмесін жасады. Суретші Мұхамед Саад осы кітабы арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енгісі келеді. Қылқалам шебері Құран кітабын дайындауға үш жылға жуық уақытын жұмсаған. Оның ерекшелігі – үлкендігінде. Құран кітабының ұзындығы 700 метр болады екен. Егер оның осы туындысы рекордтар кітабына енсе, онда бұл Құран кітабының ең үлкен нұсқасы болмақ. Айта кетейік, әлемдегі ең кішкентай Құран кітабы Иранда жасалған. Оның ені 7 миллиметр.  

Серіктес жаңалықтары